Қатар-2022: Бүгін футболдан әлем чемпионатында алтын иегері анықталады
Қатар-2022: Бүгін футболдан әлем чемпионатында алтын иегері анықталады
434
оқылды
Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында бүгін, 18 желтоқсанда финалда Аргентина мен Франция кездесуі өтеді. Кездесу елорда уақытымен 18 желтоқсанда сағат 21.00-де басталады. Тікелей эфир Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан көрсетіледі. Кездесу ел астанасы Лусаил қаласындағы 88966 жанкүйерге арналған «Лусаил Айконик» стадионында өтеді. Бас төреші - польшалық Шимон Марциняк. Оған отандастары Павел Сокольницки мен Томаш Листкевич көмекші болады. Қосалқы төреші - АҚШ-тан келген Исмаил Эльфат. FIFA рейтингінде Аргентина 3, Франция 4-орында тұр. Екі құрама бұған дейін он үш рет кездесті. Оның 7-де Аргентина, 3-де Франция жеңіске жетсе, қалғанында тең нәтиже тіркелді. 2018 жылғы әлем чемпионаты 1/8 финалында Франция аталған қарсыласын 4:3 есебімен жеңген еді. Топтық кезеңде Аргентина С тобында Сауд Арабиясына 1:2 есебімен есе жіберіп, Мексика мен Польшаны 2:0 есебімен жеңсе, 1/8 финалда Австралияны 2:1 есебімен ұтты. Ширек финалда Нидерландпен негізгі кезеңде 2:2 есебімен тең түсіп, пенальти тебуде 4:3 есебімен жеңіске жетті. Жартылай финалда олар Хорватияны 3:0 есебімен жеңді. Топтық кезеңде D тобында ойнаған Франция Австралиядан 4:1, Даниядан 2:1 есебімен басым түссе, Туниске 0:1 есебімен жол берді. Ал 1/8 финалда Польшаны 3:1, 1/4 финалда Англияны 2:1, жартылай финалда Марокконы 2:0 есебімен тізе бүктірді.