Месси тағы бір рекорд орнатты

Месси тағы бір рекорд орнатты

Қатарда футболдан әлем чемпионатының финалында Аргентинаның капитаны әрі шабуылшысы Лионель Месси рекорд орнатты. Бұл Лионель Мессидің әлем чемпионаттарының финалдық сатысындағы 26-шы матчы еді. Бұған дейін рекорд германиялық белгілі ойыншы Лотар Маттеуске тиесілі еді. 1990 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы дүниежүзілік біріншілікте 25 ойын өткізген болатын. Осылайша, 35 жастағы Месси тағы бір рекорд орнатты.