Әлем чемпионатының финалында Аргентина Францияны жеңді
Әлем чемпионатының финалында Аргентина Францияны жеңді
Photo/Christophe Ena)
483
оқылды

Аргентина құрамасы финалда Франция құрамасын жеңіп, тарихта үшінші рет футболдан әлем чемпионатын жеңіп алды. «Лусаил» стадионында өткен 2022 жылғы Қатардағы әлем чемпионатының шешуші текетірес қосымша уақыттан кейін 3:3 есебімен аяқталды. Аргентина құрамасы бірінші таймда 2 гол соғып, 80-минутқа дейін осы есепті ұстап тұрған. Бірақ 80, 81-минутта Киллиан Мбаппе қос гол соғып, есепті теңестірді. Ойынға қосылған қосымша уақытта қос құрама тағы бір-бір голдан соқты. Пенальти сериясында Францияны 4:2 есебімен жеңген Аргентина өз тарихында үшінші рет әлем чемпионы атанды.