Қарағандыда вокзал алдынан 17 адам ұсталды, қару тәркіленді

Қарағандыда вокзал алдынан 17 адам ұсталды, қару тәркіленді

Қарағандыда арнайы операция кезінде 17 адам ұсталды. Бұл туралы polisia.kz хабарлайды.

«19 желтоқсан күні сағат 13:00 шамасында Қарағандыдағы теміржол вокзалының алдында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және «Арлан» арнайы мақсаттағы қызметкерлері қала тұрғындары тарапынан жасалған бұзақылық әрекеттердің жолын кесті. 17 адам ұсталды. Оларды ұстау кезінде күдіктілердің бірі оқиға орнынан ізін суыту барысында қызметтік көлікті соғып кетті», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ ұсталғандардың бірінен қару тәркіленді. Күдіктілер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді.