Ақмола облысында әйелі мен баласын соққыға жыққан ер адам өз-өзіне қол жұмсаған
Ақмола облысында әйелі мен баласын соққыға жыққан ер адам өз-өзіне қол жұмсаған
Кісі өлтіруге оқталу және өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс Ақмола облысының Полиция департаментінде тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 14 желтоқсанда Есіл ауданының ауылдарының бірінде қайғылы оқиға болды. Аудандық полиция бөліміне 60 жастағы ауыл тұрғыны басына оқ атып, суицид жасағаны туралы ақпарат келіп түсті. Жедел-тергеу тобы алдын ала анықтағандай, оқиға болған күні марқұм жұбайының басынан жарақаттап, оны тоқтатпақ болған 20 жастағы ұлына дене жарақатын салған.  width=
Оқиға туралы полицияға көршісі хабарлады. Ол куәгер болған. Полиция қызметкерлері келгенге дейін ер адам өз-өзіне қол жұмсап, басына оқ атқан. Бұл фактілер Қазақстан Республикасы ҚК-нің ҚК 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 1-бөлігі бойынша (Қылмысқа оқталу және адам өлтіру) және 105-бабы 1-бөлігі бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Тергеп-тексеру барысында оқ атылған тегіс ұңғылы аңшылық мылтықтың ІІО-да тіркелгені анықталды. Жұбайының айтуынша, оқиға болған күні күйеуінің арасында ешқандай жанжал болған жоқ. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу жалғасып, полицейлер ер адамды осы шарасыз қадамға итермелеген себептерді анықтап жатыр.