БҚО-да республикалық жол жабылды
БҚО-да республикалық жол жабылды
156
оқылды
Батыс Қазақстан облысында республикалық жол жабылды. «ҚазАвтоЖол» АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Самара-Шымкент жолында (394-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлері үшін шектеу қойылды. Жабылу себебі – көктайғақ. Бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында 19 желтоқсанға қараған түні екі республикалық жол жабылып, бүгін таңмен қайта ашылған еді.