Таиландта жауынгерлік кеме суға батып, 31 теңізші жоғалып кетті

Таиландта жауынгерлік кеме суға батып, 31 теңізші жоғалып кетті

Таиланд әскери-теңіз күштерінің кемесі дауыл кезінде апатқа ұшырап, 31 теңізші із-түзсіз жоғалып кетті. Теңіз күштерінің кемесі Сиам шығанағында апатқа ұшырады. «Сухотай» корветі дүйсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 00:12 (Астана уақыты бойынша жексенбі күні сағат 23:12) шамасында суға батып кетті», - деп хабарлады Таиланд корольдігі ӘТК өкілі адмирал Поккронг Монтатпалин. Таиланд корольдігі әскери-теңіз күштерінің мәліметі бойынша, дауыл кезінде батып кеткен «Сухотай» корветінің бортында 106 экипаж мүшесі болған. «Дүйсенбі күні түстен кейін олардың 75-і қауіпсіз жерге жеткізілді», - делінген Таиланд корольдігі әскери-теңіз күштерінің мәлімдемесінде.