Алаяқ алматылықтарды TikTok арқылы алдап кеткен
Алаяқ алматылықтарды TikTok арқылы алдап кеткен
ТікТок арқылы кемінде 12 алматылықты алдап соққан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Интернет желісіндегі алаяқтық бойынша Қарағанды ​​облысының тумасы ұсталды. Ер адам шаһардың кемінде 12 тұрғынын алдады деген күдікке ілінген.
"ТікТок мобильді қосымшасын пайдалана отырып, күдікті жүргізуші куәлігін рәсімдеймін деген сылтаумен азаматтардың ақшасын иемденгені анықталды. Оның үстіне “қызметінің ақысы” қолма-қол ақша түрінде де, электронды аудару арқылы да болған", - деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев.