Астанада ауқымды медиа форум өтеді

Астанада ауқымды медиа форум өтеді

Бүгін және ертең елордада І Орталық Азия медиа форумы өтеді. Оған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, беделді сарапшы­лар мен медиа мамандар, халықаралық дең­гей­дегі белгілі ғалымдар, саясаткерлер, жур­налистер қатысады. Жүзден астам спикер бас қосатын іс-шара ая­сында медиа мамандар мен танымал сарапшылар өңірлік бірегейлік, жаңа медианы дамыту, жасанды интеллект технологияларын медиада қолдану, Орталық Азиядағы креативті индустрияның дамуы, ортақ сериалдар мен анимациялар жасаудың маңызы, пост-шындық кезеңіндегі ақпараттық қауіпсіздік, медиа саласындағы білім беру транформациясы, өзара ынтымақтастықтағы халықаралық ұйымдардың орны, азаматтық қоғамды дамытудағы гендерлік теңдіктің рөлі, өңірлік және жаһандық кооперация мүмкіндіктері сияқты көкейкесті мәселелер талқы­ланады.

«Форум қонағы ретінде елімізге алғаш болып Түр­кияның 11-президенті Абдулла Гүл мен Моңғо­лияның 3-президенті Намбарын Энхбайар аяқ басты. Олардың медиа форумға арнайы шақырылуының өзіндік мәні бар. Мәселен, Моңғолияның бұрынғы басшысы Намбарын Энхбайар журналистикадан жетіліп шыққан қайраткер тұлға болса, Түркияның экс-президенті Абдулла Гүл – фотожурналистикамен әуестенетін, жаңа медиаға жаны жақын азамат», – дейді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі.
Іс-шараның хэдлайнері – қазақ қызы, бүркітші Айшолпан жайлы жазылған Eagle Huntress кітабының авторы Лиз Уелш, YouTube желісінде 18 миллиард қаралым жиған дүние жүзіндегі балаларға арналған ең танымал dBillions жобасының авторы Ернис Уметалиев, сондай-ақ Пулитцер сыйлығының иегерлері болғалы отыр. Сонымен қатар танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген БҰҰ резо­люция арқылы бекіткен 21 қыркүйектегі «Халық­аралық бейбітшілік күнінің» және әлемдік Peace one day жобасының авторы Джереми Гиллимен бірге бейбітшілік идеясы бойынша арнайы сессия өткізеді.

Азат ҚАЗАҚ