Суретшілер симпозиумы
Суретшілер симпозиумы
503
оқылды
Алматыда «Жаңа Қазақстан. Жаңару» атты суретшілердің рес­публикалық симпозиумы бас­талды. Көрмеде Қазақстанның 14 өңірінен келген 20 суретшінің жұмысы қонақтар назарына ұсынылды. Суретші­лердің әрқайсысы жоба барысында өмірлік миссиясы мен қызметінің ерекшелігі туралы ой толғауын бөлісті. Алматы қаласы мұражайлар бір­лестігінің мәліметінше, әр кезеңнің суретшілері кескіндеме немесе гра­фикалық массалармен жұмыс істейді. Мысалы, Ренессанс суретшілері нәзік тәсілдерді қолданып, талғампаз атанған.
 «ХХ ғасыр қылқаламға өзгеріс алып келді. Социалистік реализмнің шеңберінен шыққан қазіргі қазақ­стандық суретшілер көркемдік мас­самен айрықша жұмыс істейді. Олар­дың шығармаларында дала – жазық­тық стилизациясы болған. Қазақ да­ла­сы­ның көрнекі маңызды элемент­терін, көшпенділердің философиясы мен құндылықтарын бейнелейтін графикалық белгілерді байқауға болады», – деп атап өтті музей өкілдері.