Алматыда «Жаңа Қазақстан. Жаңару» атты суретшілердің республикалық симпозиумы басталды. Көрмеде Қазақстанның 14 өңірінен келген 20 суретшінің жұмысы қонақтар назарына ұсынылды. Суретшілердің әрқайсысы жоба барысында өмірлік миссиясы мен қызметінің ерекшелігі туралы ой толғауын бөлісті. Алматы қаласы мұражайлар бірлестігінің мәліметінше, әр кезеңнің суретшілері кескіндеме немесе графикалық массалармен жұмыс істейді. Мысалы, Ренессанс суретшілері нәзік тәсілдерді қолданып, талғампаз атанған.
«ХХ ғасыр қылқаламға өзгеріс алып келді. Социалистік реализмнің шеңберінен шыққан қазіргі қазақстандық суретшілер көркемдік массамен айрықша жұмыс істейді. Олардың шығармаларында дала – жазықтық стилизациясы болған. Қазақ даласының көрнекі маңызды элементтерін, көшпенділердің философиясы мен құндылықтарын бейнелейтін графикалық белгілерді байқауға болады», – деп атап өтті музей өкілдері.