Үңгірден 72 мумия табылды
Үңгірден 72 мумия табылды
257
оқылды
Испанияның Гран-Канария аралының (Канар аралдарының бірі) оңтүстік-шығысында әуесқой археологтар кем дегенде 72 адамның мумифицирленген қалдықтары бар үңгірді тапты, – деп хабарлайды Daily Mail. Ғалымдардың айтуынша, әңгіме ересек ерлер мен әйелдердің, сондай-ақ он жаңа туған нәрестенің мумиялары туралы болып отыр. Канар аралдарындағы ең ірі археологиялық олжа деп аталған жаңалық өткен жылдың маусым айында ашылған. Алайда ол туралы мәліметтер қазір ғана белгілі болды.   Үңгір дронның көмегімен табылды. Ол жерден жеті метр биіктікте орналасқандықтан оған жету қиын. Сондай-ақ аппарат мамандарға адам сүйектерін көруге көмектесті.   Алдын ала мәліметтер бойынша, үңгір шамамен мың жыл бұрын пайда болған. Мамандар нақты ақпаратты мумияларды талдағаннан кейін алады.