Ақтөбедегі жол апаты: рульде қалғып кеткен жүргізуші екі ай үйқамақта болады
Ақтөбедегі жол апаты: рульде қалғып кеткен жүргізуші екі ай үйқамақта болады
Фото: kaz.elorda.info
560
оқылды
Ақтөбе облысы Алға аудандық соты рульде қалғып кетіп, жол апатын жасаған жүргізушіні үйқамаққа жіберу туралы қаулы шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолында болған жол апатынан соң бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Апат болған күні қамауға алынған спорт мектебі директорының орынбасары әрі жүргізуші қамауға алынды. Ал Алға аудандық соты оны үйқамаққа жіберді.
«Тергеу органдары Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес, күдіктіні қамауға алу туралы өтініш білдірді. Алға аудандық соты өтінішті қанағаттандырмай, екі ай мерзімге үйқамаққа алу туралы қаулы шығарды. Яғни, 2023 жылдың 17 ақпанына дейін. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», – делінген  облыстық соттың ресми хабарламасында.
Бұған дейін жарысқа бара жатып, жол апатына ұшыраған балалардың ата-анасының талабы туралы жазған болатынбыз.