Маңғыстауда қоқыс полигоны жабылды
Маңғыстауда қоқыс полигоны жабылды
Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзғаны үшін Құрық ауылындағы өндірістік қалдықтарды сақтау полигонында қоқыс тастайтын жердің қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Полигонды тексеру барысында экологтар санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзуды жою туралы ұйғарым шығарған. Қайта тексеру кезінде бұл бұзушылықтар әлі де жойылмағаны анықталады. Маңғыстау облысының экология департаменті санитарлық ережелер саласындағы бұзушылықтарды жойғанға дейін полигонның қызметін тоқтата тұру туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Сот полигонның эпидемиялық маңызы жоғары объект екенін анықтады. Бұдан бөлек, полигон объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындысыз пайдаланылады. Сондай-ақ өзге де бұзушылықтар анықталды. Экологтардың талабы толық көлемде қанағаттандырылды. Полигон қызметі бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылды. Сот жергілікті атқарушы органның атына жеке ұйғарым шығарды.