Бас прокуратура Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты мәлімет таратты
Бас прокуратура Михаил Козачковтың ұсталуына қатысты мәлімет таратты
Фото: ainews.kz
317
оқылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, прокуратура органдары журналист Михаил Козачковқа қатысты тергеу жүргізу бойынша бірқатар БАҚ өкілінің үндеуінде келтірілген уәждерді тексеруге кірісті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Белгілі болғандай, М.Козачковты 2022 жылғы 18 желтоқсанда Алматы қаласы және Алматы облысында жекелеген кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алу фактілері бойынша ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық істі тергеу аясында Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ұстаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы М.Козачковты осы ұйымдасқан топқа қатысты (ҚР ҚК-нің 262-бабы 2-бөлігі), рейдерлік жасады (ҚР ҚК-нің 249-бабы 3-бөлігі), мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және таратумен (ҚР ҚК-нің 185-бабы 3-бөлігі) айналысты деген күдікке ілінді. Осыған байланысты Михаил Козачковтың тұратын пәтерінде тергеу сотының санкциясының негізінде күдіктінің жұбайының, куәгерлердің қатысуымен және бейнежазбаны пайдалану арқылы тінту жүргізілген. Туындаған резонансты ескере отырып, 2022 жылғы 18 желтоқсанда Қаржы мониторингі агенттігі жоғарыда аталған процестік әрекеттерді жасауға негіз болған мән-жайларды дереу жұртшылықтың назарына ұсынған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Тергеу барысын прокуратура қадағалап отыр. Бұл ретте М.Козачковқа қатысты істің мән-жайын жариялау кезінде кінәсіздік презумпциясы қағидасын және жоғарыда аталған тергеу іс-әрекетінен уақытылы қол жеткізуде оны қорғауды қамтамасыз ететін адвокаттың кедергі жасау белгілерін бұзу туралы хабарламаларға ерекше назар аударылады. Үндеуді қарау нәтижелері туралы тексеру аяқталғаннан кейін жұртшылыққа хабарланады.