Тараз тұрғынын бопсалап, апта сайын 300 мың теңге талап еткен күдіктілер ұсталды
Тараз тұрғынын бопсалап, апта сайын 300 мың теңге талап еткен күдіктілер ұсталды
Фото: polisia.kz
Жамбыл облысында ер адамды бопсалап, апта сайын ақша талап еткен күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің мәліметінше, 6 желтоқсанда Тараз қалалық Полиция басқармасына 26 жастағы тұрғын шағымданды. Ол екі адамның өзін қорқытып, апта сайын 300 мың теңге көлемінде ақша бопсалап алып тұратынын айтқан. Жәбірленушіден жалпы 2 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен. Полиция арызданушыдан кезекті рет 200 мың теңге алып жатқан кезде 28 және 29 жастағы жергілікті тұрғындарды ұстады. Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігімен (Қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар кінәсін толық мойындады. 29 жастағы күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның серіктесіне қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Күдіктілер бұрын қылмысы үшін жауапқа тартылған. Тергеу жүргізіліп жатыр.