«Илон Маск қызметінен босатылсын» – Twitter қолданушылары
«Илон Маск қызметінен босатылсын» – Twitter қолданушылары
Twitter пайдаланушылары Илон Маскты Twitter-дің бас директоры қызметінен босатуға дауыс берді. Ол «Мен бұл сауалнаманың нәтижелеріне бағынамын» деп мәлімдеді. Фото gettyimages.com сайтынан алынды
563
оқылды
Twitter пайдаланушылары Илон Маскты Twitter-дің бас директоры қызметінен босатуға дауыс берді. Қазан айында Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алған миллиардер кәсіпкер 18 желтоқсан күні өзінің әлеуметтік желіде қалу-қалмауын сұрайтын сауалнама жүргізді. «Мен бұл сауалнаманың нәтижелеріне бағынамын» деп мәлімдеді. Бұл туралы Financial Times басылымына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_232894" align="aligncenter" width="1593"]Рисунок2 Маск өзінің орнына кімді таңдайтыны белгісіз. Ол: «Twitter-ді шынымен қолдайтын адам үшін ешкім жұмыс істегісі келмейді. Ізбасар жоқ» деген жазба қалдырды. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] 19 желтоқсанда таңертең аяқталған сауалнаманың соңғы нәтижелеріне сәйкес, 17,5 миллион қолданушының 57,5% Масктың отставкаға кетуіне дауыс берген.
Әзірше, Маск өзінің орнына кімді таңдайтыны белгісіз. Жексенбі күнгі Twitter-терінде ол: «Twitter-ді шынымен қолдайтын адам үшін ешкім жұмыс істегісі келмейді. Ізбасар жоқ» деген жазба қалдырды.
Әлеуметтік желінің, Tesla және SpaceX-тің де бас атқарушы директоры, ол ақырында Twitter-дің бас директор қызметінен кететінін мәлімдеген. Ол өткен айда Делавэр штатының судьясына «Twitter-ге бөлетін уақытын қысқартып, ақырында Twitter-ді басқаратын басқа біреуді табуды» жоспарлап отырғанын айтты. [caption id="attachment_232896" align="aligncenter" width="1913"]Рисунок3 Илон Маск компанияны сатып алуды қаржыландыру үшін 13 миллиард доллар қарыз алып,  жыл сайын 1 миллиард доллар пайыздық төлемдер жасауы тиіс. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
Маск бұл сауалнаманы жексенбі күні Қатарда өткен Аргентина мен Франция арасындағы әлем чемпионатының финалына қатысып, Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен суретке түскен соң көп ұзамай бастады.
Меншік иесі ретінде Маск компанияны сатып алу үшін 13 миллиард доллар қарыз алып, жыл сайын 1 миллиард доллар пайыздық төлемдер жасауы тиіс. Ол өткен айда Twitter-дің банкротқа ұшырауы мүмкін екенін ескертіп, платформаның қаржысын бақылауға алу үшін күресті. [caption id="attachment_232897" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок4 Маск сауалнаманы Қатарда өткен Аргентина мен Франция арасындағы әлем чемпионатының финалына қатысып, Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен суретке түскен соң көп ұзамай бастады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption] Өткен аптада Маск өзінің үшінші сатылымында Tesla акцияларының шамамен 3,6 миллиард долларлық тағы бір траншын сатты. Бірақ  ол сәуір айында ғана «бұдан әрі TESLA сатылымы болмайды» деп жариялаған еді.
Автоөндіруші  акцияларының бағасы жыл басынан бері 60%-дан астам төмендеп кетті. Компания бәсекелес автокөлік топтарынан, соның ішінде Ford және General Motors компанияларынан артта қалды.
Tesla акциялары Twitter-дегі сауалнама нәтижелері туралы жаңалықтардан кейін 3%-ға өсті. Автоконцерннің бірқатар инвесторына Масктың Twitter-дегі жұмысына көп уақытын арнайтыны ұнамады. Бизнесменді автобизнеске қайта көңіл бөлуге шақырды.