Атырауда көлік қағып кеткен 48 жастағы ер адам көз жұмды
Атырауда көлік қағып кеткен 48 жастағы ер адам көз жұмды
Фото: my.ua
Оқиға кеше жергілікті уақытпен сағат 21.50 шамасында Атырау қаласында болды. Әуезов көшесі, 52 А мекенжайы тұсында 1974 жылы туған жаяу жүргіншіні белгісіз көлік  қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған.   [caption id="attachment_232905" align="alignnone" width="674"] width= Фото: ПД-нен алынды[/caption] Жарақат алған ер адам оқиға орнында қаза тапты. Атырау қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдікті көлікті іздестірді. Нәтижесінде, Стаханов көшесінде орналасқан гараждың арасынан Mercedes Benz көлігін анықтады.    width= 34 жастағы жүргізушінің көлікті ішімдік ішіп, мас күйде басқарғаны белгілі болды. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігімен және 347-бабымен іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА