Егер барлық адамдар бетперделерді дұрыс киіп жүрсе, тұмауды жұқтыру ықтималдығын 100 есеге азайтуға болады. Бұл туралы ura.ru сайтына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.
[caption id="attachment_232900" align="aligncenter" width="1800"]
«Егер адам дені сау болса және иммунитеті болмаса, яғни тұмауға қарсы екпе алмаса, бірақ бетперде киіп жүрсе, онда жұқтыру ықтималдығы 20 есе төмендейді. Егер вирус жұқтырған адам бетперде киетін болса, оның басқаларға жұқтыру ықтималдығы бес есе аз. Тиісінше, вирус тасымалдаушы да, сау адам да бетперде тақса, онда ықтималдық 100 есе төмендейді», – дейді аллерголог-иммунолог Владимир Болибок.[caption id="attachment_232901" align="aligncenter" width="1601"]
«Таралу индексін ескере отырып, егер жұқтыру ықтималдығын 100 есе төмендететін болсақ, онда біздің репликация коэффициенті сондай пропорцияда төмендейді. Егер тұмау үшін репликация коэффициенті 4-5 деңгейінде болса, яғни бір тасымалдаушы 4-5 адамды жұқтырса, онда бетперде киген вирус тасымалдаушы ешкімге тұмау жұқтыра алмайды», – деп маман өзінің сөзін толықтырады.[caption id="attachment_232902" align="aligncenter" width="1800"]