Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты сот отырысы өтеді. Қалалық соттың хабарлауынша, қылмыстық іс бойынша сот 21 желтоқсанда сағат 15.00-де өтеді. Tengrinews.kz-тің дерегінше, іс 12 желтоқсанда сотқа жолданған. Алматы прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оны басқару дерегі бойынша қылмыстық істі Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына А.Құрманғалиев, Р.Бурканов, Д.Рахимова, Д.Ча, А.Рүстемов, Т.Касенов, С.Касенов, Н.Сұлтанбаев, М.Шерниязов, М.Төребаев, Б.Жармұхамед, Ерлан және Ержан Мансуровтарды айыптау бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады. Іске қатысты А.Ораз бен А.Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланған. Қылмыстық іс аясында 41 жылжымайтын мүлік, 3 автокөлік, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы түрлі үлеске тыйым салынды.