Алматы облысы ПД бастығы орынбасарының үйі мен жұмысын тінту: полиция мәлімдеме жасады

Алматы облысы ПД бастығы орынбасарының үйі мен жұмысын тінту: полиция мәлімдеме жасады

Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахмановты тінту туралы ақпаратына полиция түсініктеме берді. 19 желтоқсанда Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахмановтың тұрғылықты жері мен жұмысы бойынша жүргізілген тінту жұмыстары туралы Ербол Еділов Telegram арнасында хабарлады. Ақпаратқа Алматы облысы ПД былай деп түсініктеме берді.

"Қылмыстық іс басқа құқық қорғау органының іс жүргізуінде. Осы іс аясында Р.Әбдірахмановтан куәгер ретінде жауап алынды. Қазіргі  уақытта қызметте, шеттетілмеген", деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі ұсталған журналист Михаил Козачков Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген.