Моңғолияның бұрынғы президенті елден қашып кетті
Моңғолияның бұрынғы президенті елден қашып кетті
© halyq-uni.kz
Моңғолияның бұрынғы президенті Халтмагийн Баттулға көмір ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінген соң, шетелге кетті. Бұл ақпаратты елдің Экономика және даму министрі Чимэд Хурельбаатар өзінің Twitter парақшасында растады. Моңғолияның кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, экс-президент елден 280 млн АҚШ долларын алып кеткен. Ал кейбірі оның денсаулығына байланысты Оңтүстік Кореяға емделуге кеткенін хабарлап жатыр. Бұған дейін Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитеті елдің бұрынғы президентін көмір ұрлығына қатысы бар деп мәлімдеген болатын. Моңғолияда 6,8 млн тонна көмірдің ұрланғаны туралы ақпараттан кейін халық жаппай наразылыққа шыққан еді. Расталмаған ақпаратқа сәйкес, көмірдің жалпы құны – біздің валютаға шаққанда 1,8 млрд теңге болады екен.