Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,14 теңгеге көтерілді. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 469,18 теңге. Ұлттық банктің 20 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 468,24 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 469,5 теңге, сатып алу – 473 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 469 теңгеден болса, сатып алу құны – 472,5 теңге. Ресей рублі 6,6-6,72 теңге аралығында саудаланып жатыр.