Оқу жылының басында Қазақстандағы студенттер саны 578,2 мың адамды құрады. Ұлттық статистика бюросы бұл санның 308,6 мыңы немесе 53,4 пайызы әйелдер екенін хабарлады. Студенттердің жалпы санының 98,5 пайызы күндізгі бөлімде, 0,7 пайызы сырттай, 0,8 пайызы кешкі бөлімде оқиды. Сонымен қатар бюро 2022-2023 оқу жылының басында елімізде жұмыс істеп тұрған 116 жоғары оқу орны тіркелгенін, оның ішінде 72,4 пайызы жекеменшік, 25,9 пайызы мемлекеттік және 1,7 пайызы шетелдіктер екенін мәлімдеді.