Қазақстанда интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Қазақстанда интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
167
оқылды
Қазақстанда интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Маңғыстау облысында полицейлер DVD және CD дискілерін сату, флеш-картаға ән жазу және сату, WhatsApp арқылы алдау, банктен несие ресімдеу сияқты қылмыстарды тіркеді, – деп хабарлайды полиция департаменті. Жаңаөзен тұрғынының атына 90 000 теңге көлемінде несие алған әйел ұсталды. Мұндай жағдай Ақтауда да орын алды. Ер адамның атына онлайн-режимде басқа әйел "Хоум Кредит Банк" АҚ-нан 1 000 000 теңге көлемінде несие алған. Астаналық әйел Жаңаөзеннің тұрғынына тиесілі "Халық Банк" карточкасынан 4 000 000 теңгені алдап шешіп алды. WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы қарағандылық әйел алдау жолымен Kaspi.kz қосымшасы арқылы облыс орталығы тұрғынының қаражатын жымқырып кеткен. Нәтижесінде әйел анықталып, ұсталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.