Елімізде кітап бағасы қымбаттаған
Елімізде кітап бағасы қымбаттаған
Қазақстанда 2022 жылғы қарашада былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда кітаптар 16,5% қымбаттаған. Бұл туралы  Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, өңірлер бойынша кітап бағасы Ақмола облысында ең көбірек өскен – 43,4%. Сонымен қатар Түркістан облысында (41,4%), Астанада (38,3%), Қостанай облысында (28,9%) және Атырау облысында (24,9%) да қымбаттаған. Баға Маңғыстау облысында ғана өзгеріссіз қалды.  
Кейінгі рет кітаптың ең қатты қымбаттағаны (жылдық) 2016 жылғы тамызда тіркелді. Ол кезде баға 26,4% өсті.