Форум қатысушыларымен кездесті
Форум қатысушыларымен кездесті
314
оқылды
Мемлекет басшысы Ор­та­лық Азия медиа фору­мының қатысу­шыларымен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ор­та­лық Азия медиа форумының қаты­сушылары – Түркияның бұрынғы президенті Абдолла Гүлмен, Моң­ғолияның бұрын­ғы президенті Намбарын Энх­баяр­мен және Қырғыз Респуб­ли­касы­ның мем­лекеттік хатшы­сы Суйун­бек Касмам­бетовпен кездесті. Мәртебелі меймандар Қасым-Жомарт Тоқаевты Қа­зақстан Республикасы Прези­денті лауазы­мына қайта сай­ла­нуымен құттықтап, оның бас­та­масымен жүргізіліп жатқан ре­формалар мен саяси жаңғыру­ларға оң баға берді. Президент Орталық Азия медиа форумына қатысқаны үшін қонақтарға алғыс айтып, ел­дер арасында көпжақты ын­­тымақтастықтың дамуы бауыр­­ластық және достық қа­рым-қатынасты нығайта түсе­тініне сенім білдірді. Кездесу барысында халық­тарымыздың тарихи тамыры ортақ екеніне назар аударылды. Сондай-ақ олар мәдени-гума­нитарлық және ғылыми са­ла­лар­да бірлескен жобаларды іске асыру қа­жеттігі жөнінде пікір алмасты.