Қазақстандық, пара дзюдо бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері Теміржан Дәулет (73 келіге дейін) Тбилисиде өткен дзюдодан Әлем Кубогында алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Ұлттық паралимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі. Ол жартылай финалда әлемдік рейтингте көшбасшысы неміс дзюдошысы Николас Корнхасты жеңді. Финалда испандық Гавилан Лорензо тізе бүктірді. Теміржан Дәулет- пара дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия 2018 Пара ойындарының қола жүлдегері, IBSA 2019 Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері, 2019 Азия чемпионатының жеңімпазы. Дзюдодан Әлем кубогы Тбилиси өтіп жатыр. Оған үздік ондыққа кіретін 13 елдің спортшылары қатысады. Жарыстың екінші күнінде ұлттық паралимпиадалық құраманың дзюдошылары 81, 90 және 100 келі салмақ дәрежесінде сынға түседі.