Жол картасы – бақылауда
Жол картасы – бақылауда
226
оқылды
«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы эко­ло­гиялық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында пар­тияның қала бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасында көзделген шаралар қорытындыланды. Экология және қоршаған орта, Қалалық мобилділік басқармалары басшыларының орынбасарлары және қоғамдық белсенділер қатысқан оты­рыста аталған Жол картадағы орын­далмай қалу қаупі бар индикаторлар қаралды. Соның ішінде, 125 шақы­рым­ға жуық арықтар мен нөсер кәріз­дерін қалпына келтіру, қайта өңдеу үшін қабылдау бекеттер санын және қаладағы электробустар санын кө­бейту сынды мәселелер сөз болды. Отырыс барысында кеңес төра­ғасы, мәслихат депутаты Сергей Пономарев қаладағы балама көлік құ­ралдарына арналған арнайы жолақ­тар, қаладағы ауаны көліктер санын азайту арқылы тазарту жөнінде мәсе­лерді қосымша көтеріп, кеңес мүше­лері арасында аталған мәселелер қызу талқыға түсті. Нәтижесінде кеңес мү­шелері Айжан Рысқұлова, Вадим Ни және Юрий Тлеумуратов эколо­гия­лық жағдайды жақсарту бойынша тиімді ұсынымдар енгізіп, оны тиісті орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға жолдау қажеттігін атап өтті. Жиын соңында кеңес мүшелері атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, жұмыстардың сапалы және уақтылы орындалуын қатаң бақылауға алынатынын атап өтті.