«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы экологиялық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында партияның қала бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасында көзделген шаралар қорытындыланды. Экология және қоршаған орта, Қалалық мобилділік басқармалары басшыларының орынбасарлары және қоғамдық белсенділер қатысқан отырыста аталған Жол картадағы орындалмай қалу қаупі бар индикаторлар қаралды. Соның ішінде, 125 шақырымға жуық арықтар мен нөсер кәріздерін қалпына келтіру, қайта өңдеу үшін қабылдау бекеттер санын және қаладағы электробустар санын көбейту сынды мәселелер сөз болды. Отырыс барысында кеңес төрағасы, мәслихат депутаты Сергей Пономарев қаладағы балама көлік құралдарына арналған арнайы жолақтар, қаладағы ауаны көліктер санын азайту арқылы тазарту жөнінде мәселерді қосымша көтеріп, кеңес мүшелері арасында аталған мәселелер қызу талқыға түсті. Нәтижесінде кеңес мүшелері Айжан Рысқұлова, Вадим Ни және Юрий Тлеумуратов экологиялық жағдайды жақсарту бойынша тиімді ұсынымдар енгізіп, оны тиісті орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға жолдау қажеттігін атап өтті. Жиын соңында кеңес мүшелері атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, жұмыстардың сапалы және уақтылы орындалуын қатаң бақылауға алынатынын атап өтті.