Еуразия кинофестивалі қорытындыланды
Еуразия кинофестивалі қорытындыланды
Алматыда XVI халықаралық «Еу­разия» кинофестивалінің жабылу сал­танаты өтті. Жеті күнге созылған «Еуразия» кинофестивалі аясында көрермендер мен қатысушылар 25 ел­дің кинокартиналарын тамаша­лады. Фестивальдың түрлі бағдарламасына 50 фильм қатысты, олардың үшеуі – «Әде­мі Елена», «Боран» және «Ауыл» картина­ларының көрсетілімдері әлемдік премьера­ларға айналды. Сондай-ақ «Мені Ивансыз жерлемең­дер» фильмінің халықаралық премьерасы және «Мәрмәр тастай суық» және «Құдайдың шақыруы» атты азиялық екі фильмнің премьерасы болды. Сонымен қатар көрермендер өз елдерінен Оскар сыйлығына ұсынылған төрт картинаны, сондай-ақ Asia Pacific Screen Awards сый­лығының («Азиялық Оскар» сыйлығының) иегері «Эсимде» фильмін көрді. Қазақстандық Катай Даули «Боран» фильмі халықаралық конкурс бағдар­ламасында қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болса, ұлттық конкурс бағдарламасында «Үздік фильм» марапаты – «Қызыл анар» (реж. Шәріп Оразбаев) фильміне, «Үздік режиссерлік жұмыс» – Серік Апрымовқа («Ауыл»), қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Отау» фильміне (реж. Әлішер Жәдігеров), «Үздік ер адам рөлі» марапаты – Әлихан Әбілдин («Жаз жақында аяқталады»), «Үздік әйел рөлі» марапаты – Ольга Ландинаға («Зере») бұйырды.