Аустралияның Мельбурн қаласында спорттық гимнастикадан өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Милад Карими күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Аталған жүлде Милад Каримидің әлем кубогі кезеңіндегі екінші медалі. Кеше еркін жаттығуда ол 14.200 ұпаймен қолаға қол жеткізген болатын. Айта кетейік, Милад Карими 2019 жылғы әлем чемпионатында көпсайыстан Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды.