Тың әдіспен табыс тапқан
Тың әдіспен табыс тапқан
398
оқылды
Бүгінде кәсіп ашамын де­гендерге мемлекеттік қолдау аз емес. Әсіресе, түрлі бағ­дарламадан бақытын тауып, өз тірлігін дөңгелетіп жат­қан­дар жетерлік. Міне, сондай азаматтың бірі – Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғыны Азиз Рзаев «Тәуел­сіздік ұрпақтары» байқауы­нан инновациялық грант же­ңіп алып, гидропоника әді­сімен алақандай ауласында дәнді дақылдар өсіріп жатыр. Азиз қазіргі таңда Agro Green Tehnology ЖШС-мен әріптестік байланыс орнатып, қажетті құ­рал-жабдықтардың барлығын алған. Жеті қабаттан тұратын кон­тейнерлердің шеттеріне су шашатын түтікшелер және өсім­дікке жарық түсіретін фитошамдар қойылған. Бұның барлығы авто­матты түрде жұмыс жасап, ком­пью­тердің көмегімен басқа­ры­лады. Дәл қазір кәсіпкер мұнда гидропоника әдісімен бидай өсіріп жатыр.
– Жұмысты енді бастап жат­қандықтан әлі таңсық дүние көп. Алайда нар тәуекел деп бұл кә­сіпті қолға алғандықтан қа­зір бидай өсіріп жатырмын. Негізгі жұмысым бидайдың дә­нін сулап, сөрелерге саламын. Ылғалды­лы­ғын тексеріп, зеңнің пайда бол­мауын бақылаймын. Көзге жеңіл көрінгенімен, мұн­да ұқыптылық керек. Егер жү­йенің қандай да бір бөлшегі іс­тен шықса, өнім ала алмай қа­луың мүмкін. Сондықтан гидро­поника әдісінде жылдам­дықтан гөрі жүйелілік керек, – дейді жас кәсіпкер.
Бір кешеннің жұмысын реттеу үшін екі адамның күші керек. Технологиялық процесс күніне 150-200 келі өнген бидай алуға негізделген. Қазір Азиз өнімді алдын ала келісімшарт жасасқан серіктестеріне жеткізуде.
– Құрал-жабдықтарды ша­ма­мен екі айда орнаттық. Сөрелер­дің орнатылу реттілігі мен ылғал­дығы және тұқым сұрыпы бұл кә­сіпте ерекше рөл атқарады. Қажетті қондырғылар Израиль мемлекетінен алдырылғандықтан, келгеннен кейін контейнерлерді қосымша жылытуға тура келді. Себебі онда бізге қарағанда кли­мат салқындау. Тұқымды жеткізушілер са­палы деп өткергенімен, алғаш­қысының өнуі қиын болды. Мен қиындықты жүйеден көріп, ма­мандарға хабарласқанымда онда­ғылар бар мәселе тұқымда екенін айтты. Содан тұқымды қайтарып, қымбат болса да басқа сұрыпынан алдым, – дейді Азиз.
Кәсіпкердің айтуынша, малды бордақылау ісінде өнген арпа мен бидайдың әдеттегі жемнен ар­тықшылығы басым екен. Бірін­ші­ден, оның көлемі ұлғаяды, 1 келі бидай сеуіп, 7 келі құнарлы әрі дәмді көк майса алуға болады. Шартты түрде шығынды екі есе азайтып, малға 1 келі жемнің ор­нына 3,5 келі өнген бидай беру тиімді. Екіншіден, мал көк май­саны жеу арқылы тез салмақ қо­сады. Малшылардың өздері құр­ғақ жемнен гөрі төрт түлігі өнген бидайды түк қалдырмай жейтінін байқаған. Жас кәсіпкер 2,5 жыл­дың ішінде кеткен шығынды қайтаруды көздеуде. Одан кейін фермасын ұлғайтып, тағы бірнеше құрылғы қоюды жоспарлап отыр.
– Маған бұл іспен айналыс­қысы келетін таныстарым мен көр­шілерім жиі келіп тұрады. Оларға қолымнан келгенше кеңес берудемін. Білгеніммен бөліс­кенді жөн санаймын. Жаңа тех­нологиялар туралы көп адам біліп, бұл іске бет бұрса жақсы емес пе? Жақында аудандағы бір колледж басшылығымен «Агро­номия» мамандығында оқитын студенттерді гидропоника техно­логиясымен танысу үшін маған жіберу туралы ауызша келісім жасадық. Бұйыртса, осылайша жастарды да осы кәсіпке баулуды ойлап отырмын, – дейді Азиз.
Біз Азизбен хабарласқанда тұста, ол жуырда ғана гидропоника үшін құрылғылары бар жаңа кон­тейнер сатып алғанын айтып, қуа­нышымен бөлісті. Жаңа құ­рыл­ғыларды осыған дейін серік­тестік танытқан фирма жеткізіп берген екен. Қазір сол құрыл­ғы­ларды іске қосу жұмыстары жүр­гізіліп жатыр. Осылайша, жас кә­сіпкер кезең-кезеңімен бизне­сін кеңейте түсуде. Әрине, кәсіптің көзін тап­саң, нәсіп екені байырдан белгілі. Азиз – әрдайым ізденіс үстінде жүретін азамат. Ол гидропоника әдісінен бөлек, жаңа кәсіп түрле­рін де иге­руге ниетті.

Жамбыл облысы