21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: kazlenta.kz
251
оқылды
«Қазгидромет» 21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Жерорта теңізі циклонының терең ойпатымен және атмосфералық фронт әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, көбінесе қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады. Жел күшейіп, тұман күтіледі. Астана қаласында көшпелі бұлт шығып, кей уақытта қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік батысқа жел ауысады, күші 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде -10-12°С, күндіз -7-9°С болады. Алматы қаласында көшпелі бұлт, күннің соңында жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде -4-6°С, күндіз +2+4°С болады. Шымкент қаласында көшпелі бұлт, таңертең және күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13, таңертең және күндіз 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде және күндіз -1+1°С болады.