Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты
Фото: kazchrome.com
572
оқылды
Оқиға кеше сағат 08:21-де Ақсу ферроқорытпа зауытының​ балқыту цехында болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Зауыттың Instagram парақшасында жарияланған мәліметте конвейер маңында жазатайым оқиға болып, слесарь-жөндеуші жарақат алған. Апат болған орынға шұғыл жедел жәрдем шақырылған. Зардап шеккен жұмысшы Ақсу орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Бірақ ер адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы тергеуден соң анықталады. Қаза тапқан жұмысшының отбасына көмек көрсетіледі.