Терроризмді насихаттаған Астана тұрғыны 15 жылға сотталды
Терроризмді насихаттаған Астана тұрғыны 15 жылға сотталды
Фото: ortcom.kz
683
оқылды
Астана тұрғыны Ш.-ға қатысты Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімі заңды күшіне енді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Сот оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлау, сонымен қатар терроризмді, билікті басып алу және ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау фактілері бойынша кінәсін дәлелді. Ол 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.