Бойжеткенді мессенджер арқылы балағаттап, намысына тиетін сөз жазғаны үшін Ақтау тұрғыны айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Lada.kz. Дереккөзіне сүйенсек, жігіт WhatsApp мессенджерін қолданып, қыздың ар-намысына тиетін сөздер жазып жіберген. Жігіттің осы әрекетінің салдарынан соң, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында бұл іс қаралды. Әлгі азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы, 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп танылды. Оған 5 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салынды. Енді ол, 13 255 теңге көлемінде айыппұл төлейді.