Nickelodeon «Спанч Боб» мультсериалын қазақ тілінде көрсетеді
Nickelodeon «Спанч Боб» мультсериалын қазақ тілінде көрсетеді
169
оқылды
Nickelodeon телеарнасы 2023 жылдан бастап «Шаршы шалбар Спанч Боб» мультфильмінің 400-ден астам сериясын қазақ тілінде көрсетпек. Бұл туралы телеарнаның вице-президенті Мария Косарева айтты.
«Келесі жылы кішкентай көрермендеріміз тамашалайтын контентке қысқаша тоқталып өтсем. Ол - «Коралл» лагерінің жалғасы, яғни «Шаршы шалбардың» (Спанч Боб) балалық шағы. Бұл достық жайындағы тамаша оқиға және әртүрлі адамдардың ортақ тіл табысуы жайында сыр шертеді. Мультфильм - International мен Nickelodeon Үндістанның бірлескен туындысы», - деді ол І Орталық Азия медиафорумында.
Мультфильмде батыс пен шығыстың мәдениеті үйлестірілген.
«Жалпы келесі жылы көрермен 400-ден астам серияны қазақ тілінде тамашалауға мүмкіндік алады. Мұнан өзге де тосынсыйлар әзірлеп жатырмыз», - деді Мария Косарева.