Қырғызстанда қазақ тілінің алғашқы ашық сабағы өтті
Қырғызстанда қазақ тілінің алғашқы ашық сабағы өтті
155
оқылды
Алғашқы Ашық онлайн сабақ Қырғызстанда өтті. Жоғарғы сынып оқушылары тікелей эфирде Нұр-сұлтан оқытушысын тыңдап, маңызды нұсқаулар алды, – деп хабарлайды 24.kz.   Бір айдан аз уақыт бұрын "Отандастар" қоры Ат-Башин мектеп-лицейіне онлайн сабақ өткізу үшін компьютерлік жабдықтар ұсынды. Техника Абай Құнанбаев атындағы Қазақ тілі сыныбында орнатылды. Міне, Нұр-Сұлтан қаласындағы оқытушымен алғашқы байланыс орнады. Оқушылар әзірге тек дәріс тыңдайды. Бірақ келесі сабақтар сұрақ қойып, жауап алатын интерактивті режимде өтетін болады.
«Қазір технология ғасыры. Цифрландыруға көшу жүріп жатыр, біз үйден шықпай-ақ сабақ оқи аламыз. Интернет бізге маңызды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Мен әсіресе қазақ тілі қатты ұнады. Алған әсерім көп. Мен біздің мектепте қазақ тілін үйренгеніме қуаныштымын», - деді 11 сынып оқушысы Сұлтан Жүсібеков.
Бүгінгі тыңдаушылар – жоғары сынып оқушылары. Олармен бірге төменгі сынып оқушылары да партаға отырғысы келді. Бірақ бұл бірінші сабақ, яғни онлайн режимде білім алудың бірінші тәжірибесі. ІТ-мамандар қалай тырысса да, техникалық ақаулар кез келген уақытта болуы мүмкін. Бірақ, абырой болғанда, сабақ іркіліссіз өтіп, оқушылар астаналық оқытушының дәрісін түгелдей жазып алды. Қырғызстаннан бөлек тыңдаушыларға арналған ашық сабақ әлемнің басқа елдерінде өткізілді. Нұр-Сұлтанмен байланыс басында педагогты тыңдауға дайын екендігі туралы Белоруссия, Иран және Бельгиядан конференция қатысушылары хабарлады.  Жақын арада елордалық педагогтар онлайн сабақ кестесін жасайды, одан кейін оларды тұрақты түрде өткізеді.