Шымкентте жеңіл көліктің артына отырып, көше аралаған жастар жауапкершілікке тартылды
Шымкентте жеңіл көліктің артына отырып, көше аралаған жастар жауапкершілікке тартылды
149
оқылды
Шымкентте көлік багажы үстіне отырып көше аралаған жастарға айыппұл салынды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Шымкенттік жастар құрбысын жеңіл көліктің үстіне отырғызып, қала көшелерін аралаған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан қыздың да еш қорықпастан жүк салғыштың үстінде отырғанын көруге болады. Полицияның іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жазбада көрсетілген жүргізуші анықталды. Ол 24 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол видео түсіру үшін жол қозғалысы ережесін бұзған.
"Ол "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау" бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Оған 5 АЕК айыппұл салынуы мүмкін"  делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Шымсайд (@dudoser_video)