Елордалық полицейлер тұрғындарға үндеу жасады
Елордалық полицейлер тұрғындарға үндеу жасады
308
оқылды
21 желтоқсанда таңертеңнен бері Астанада 135 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полицейлер ауа райына байланысты елорда тұрғындарына үндеу жасады. Елордалық Полиция департаменті жолдарда аса сақ болуды, ауа райы жағдайының ықпалын, жауын-шашын кезінде жолдардың көріну деңгейінің төмендеуін, көктайғақ кезінде жолдың жүру бөлігінің өзгеруін ескеруді ұсынады.
"Таңертеңнен бері елордада 135 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, екі адам зардап шекті. Жауын-шашынға байланысты жүргізушілерден аса сақ болуды, белгіленген жылдамдықты қатаң сақтауды, кенет тежеуді болдырмауды, қашықтықты және бүйірлік аралықты сақтауды сұраймыз", – деп хабарлады ПД.