Димаш Құдайберген жылдың ең көрікті ер адамын анықтайтын байқауға қатысып жатыр
Димаш Құдайберген жылдың ең көрікті ер адамын анықтайтын байқауға қатысып жатыр
272
оқылды
Әнші Димаш Құдайберген TC Candler 100 Most Beautiful list тәуелсіз сарапшылары нұсқасы бойынша 2020 жылдың ең көрікті ер адамы атағына ұсынылды, – деп жазады «ҚазАқпарат». Осы кезге дейін Димаш аталған рейтингінің инстаграм-аккаунтында 6,5 мың лайк жинап үлгерді. Айта кетейік, ел атынан бақ сынап жатқандардың ішінде Димаш жалғыз емес. Бұл додаға MadMen Q-Pop тобынан Рахат Масақбай, Ninety One тобынан Азамат Ашмақын және әнші Ziruza қатысып жатыр. TC Candler жыл сайын әлемнің 100 ең көрікті ер және әйел адамын таңдап, өзара үздіктерді анықтайды.