Әнші Димаш Құдайберген TC Candler 100 Most Beautiful list тәуелсіз сарапшылары нұсқасы бойынша 2020 жылдың ең көрікті ер адамы атағына ұсынылды, – деп жазады «ҚазАқпарат». Осы кезге дейін Димаш аталған рейтингінің инстаграм-аккаунтында 6,5 мың лайк жинап үлгерді. Айта кетейік, ел атынан бақ сынап жатқандардың ішінде Димаш жалғыз емес. Бұл додаға MadMen Q-Pop тобынан Рахат Масақбай, Ninety One тобынан Азамат Ашмақын және әнші Ziruza қатысып жатыр. TC Candler жыл сайын әлемнің 100 ең көрікті ер және әйел адамын таңдап, өзара үздіктерді анықтайды.