Туған қызын зорлады деген күдікке ілінген әскери қызметкер қамауға алынды
Туған қызын зорлады деген күдікке ілінген әскери қызметкер қамауға алынды
Фото: sputnik.kz
676
оқылды
Ақтауда 11 жастағы туған қызын зорлады деген айыппен әскери қызметшіні тергеп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. InAktau.kz-тің дерегінше, күдікті Ақтаудағы гарнизонда қызмет атқарған. Қазір Қылмыстық кодекстің екі бабы – 120-баптың 4-тармағы (Зорлау) және 124-баптың 3-тармағы (Жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
«Соттың шешімімен әскери қызметші қамауға алынды. Маңғыстау облысында әскери қызметшілер тарапынан балаларға зорлық көрсетудің басқа фактілері тіркелген жоқ. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды», – деді бас әскери прокурордың орынбасары Сәкен Ермеков.
Бейресми ақпаратқа сәйкес, әскери қызметші теңіз жаяу әскерінде қызмет атқарды. Ол 11 жастағы қызын жарты жыл бойы зорлаған. Одан кіші қызы бәрін камераға түсіріп алды. Соның арқасында ер адамның қылмысы ашылды.