Президент Ташкенттегі Төле би кесенесіне зиярат етті
Президент Ташкенттегі Төле би кесенесіне зиярат етті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкент қаласында орналасқан Төле би кесенесіне зиярат етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.    width= Президент Ташкент қаласындағы көрнекті орындардың бірі «Төле би кесенесі» сәулет кешеніне барды. Бұл жерде қазақтың біртуар перзенті Төле би жерленген. Ташкент қаласының территориясында орналасқан ұлы тұлғаның кесенесі XV ғасырдың бірінші жартысында салынған. Бұған дейін Мемлекет басшысы Ташкентке жұмыс сапарымен барғанын жазған болатынбыз.