Балалар жылы аясында Астанада өткен жас патриоттар форумында екі баланың өмірін құтқарған кішкентай ғана Дінмұхаммед Жаңбырбай «Жас батыр» номинациясының жеңімпазы атанды. Еліміздің барлық өңірінен 7-14 жас аралығындағы жас ақын, жазушы, блогер, суретші, спортшылар қатысқан іс-шарада оқу, спорт, өнерде және батылдығымен ерекше көзге түскен жас патриоттар марапатталды.
«Әрқайсысыңыз еліміздің мақтанышы және болашағысыздар. Мемлекет балалардың шығармашылық әлеуетін дамытып, зияткерлік мүмкіндігін іске асыру үшін барынша қолайлы жағдай жасап жатыр. Сіздерге толағай табыстар тілеймін», – деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА