Алматы-Екатеринбург жолында үш адам қайтыс болды
Алматы-Екатеринбург жолында үш адам қайтыс болды
© inbusiness.kz
Алматы-Екатеринбург тасжолында көлік қарсы бағытқа шығып, үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.   Оқиға Алматы облысының аумағында болған. «21 желтоқсан күні сағат 21.00 шамасында «Тойота-Прадо» автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі «Алматы-Екатеринбург» автожолымен солтүстік бағытта жүріп келе жатып, 90-шақырымда қарсы қозғалыс жолағына шығып, алдынан шыққан «Тойота Авенсис» автокөлігіне соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында көз жұмды», делінген хабарламада. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, сондай-ақ 27 жастағы жолаушы Қаскелең қалалық ауруханасының реанимация бөлімшесінде екі сағаттан кейін қайтыс болған. «Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.