Бас прокуратура 10 жыл бұрын өмір бойына сотталған Челахқа қатысты мәлімдеме жасады
Бас прокуратура 10 жыл бұрын өмір бойына сотталған Челахқа қатысты мәлімдеме жасады
© halyq-uni.kz
Бас прокуратура өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың үндеуін зерделейді. Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев мәлімдеді,  –деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Өтініш Бас прокуратураға түсті. Қосымша зерттейміз, себебі іс он жыл бұрынғы. Қажет болса, одан жауап алынады", – деді Тәшімбаев Бас прокуратурада өткен брифингте.
Еске салайық, бұған дейін бірқатар БАҚ Владислав Челах "Арқанкерген" бекетіндегі 15 адамның өліміне қатысты жағдайды түсіндіруге дайын екенін мәлімдегенін хабарлаған болатын. Челах 2012 жылдың мамырында "Арқанкерген" шекара бекетінде 14 қызметтесі мен бір орманшыны өлтірді деп айыпталған болатын.