Ақселеу Сейдімбек және ұлттың рухани құндылықтарды зерделеу

Ақселеу Сейдімбек және ұлттың рухани құндылықтарды зерделеу

Бүгін Еуразия ұлттық университетінде «Ақселеу Сейдімбек және ұлттың рухани құндылықтарды зерделеу: таным, тағылым, тәжірибе» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Оған қатысушылар медиа коммуникацияны, цифрлық технологияларды және креативті индустрияны дамыту мәселелерін, әдебиеттану саласындағы жаңа бағыттарды, А. Сейдімбектің мұрасын талқылады. Іс-шараға Қазақстан, Түркия, Ресей, Өзбекстан елдерінің мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми-академиялық қоғамдастығының өкілдері, журналистика, филология және әдебиет саласындағы қаламгерлер мен сарапшылар, студенттер қатысты. Іс-шараның мақсаты – белгілі этнограф-жазушының шығармашылығы мен еңбектері негізінде әдебиет, өнер, тарих және журналистика мен публицистиканың өзекті мәселелерін зерделеу. Халықаралық конференция жұмысы 4 секция бойынша жалғасады: «Ұлттық рухани құндылықтарды зерттеу мәселелері»; «Медиакоммуникация және цифрлық технологиялар мен креативті индустрияны дамыту»; «А.Сейдімбектің мұрасы және тәуелсіздік тарихы»; «Әдебиеттанудағы жаңа ізденістер мен мүмкіндіктер». Жиын барысында Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығы туралы фильм көрсетіліп, рухани мұрасына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.