Полицейді тістеген тұрғынға үкім шықты
Полицейді тістеген тұрғынға үкім шықты
Араққа сылқия тойып алған Ақтау тұрғыны полицейге қол жұмсап, оны тістеген.  Сот үкімі оны жазасыз қалдырмады. Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің айтуынша, қаладағы 4 шағын аудан тұрғыны үйіне мас күйінде келіп, әйелімен жанжалдасады.  Оның үйден кетуін талап еткен әйел адам жергілікті учаскелік полиция пунктіне телефон шалып көмекке шақырады. Шақыру бойынша келген инспекторге  маскүнем қол жұмсап, күш көрсетіп, оны тістеген.  Нәтижесінде полицей дене жарақатын алды.  Заң бұзушылық әрекетке барған азаматқа  ҚР Қылмыстық Кодексінің 378 және 380 баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып,   60 сағат қоғамдық жұмыс жасау және 1 жыл шартты түрде сотталу жазасы тағайындалды. Анаргүл Жексембайқызы, Маңғыстау облысы